О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 июня 2020 года № 78 «Об утверждении Правил выбора зарубежных организаций, управляющих пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда»
- Атауы (қаз.)
- «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 23.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2024 196606_701077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034349
- ЭКБ идентификаторы
- 196606
- Редакция идентификаторы
- 196606_701077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:52
0
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20909 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 80) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және онда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қордың зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау тапсырылған кезде, оларды таңдау тәртібі айқындалады.»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әртараптандыру - зейнетақы активтерінен айрылу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сәйкес оларды түрлі қаржы құралдарына орналастыру;».