О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 91 «Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры и доступа к ним»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 91 «Об утверждении Правил предоставления в пользование памятников истории и культуры и доступа к ним»
- Атауы (қаз.)
- «Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 12.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2022 168082_575406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028174
- ЭКБ идентификаторы
- 168082
- Редакция идентификаторы
- 168082_575406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:59
0 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру
және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20406 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».