О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 15 января 2021 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятии на крестянское хозяйство «Шаган оба» Шиликтинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 15 января 2021 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятии на крестянское хозяйство «Шаган оба» Шиликтинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шілікті ауылдық округіне қарасты «Шаған оба» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 22.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2024 155526_699283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VKC08676
- ЭКБ идентификаторы
- 155526
- Редакция идентификаторы
- 155526_699283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:28
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Шілікті ауылдық округіне қарасты
«Шаған оба» шаруа қожалығына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан
ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің
2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 сәуірдегі №446 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты «Шаған оба» шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1 «Шілікті ауылдық округіне қарасты «Шаған оба» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2021 жылдың 15 қаңтарында №8341 болып тіркелген, 2021 жылғы 23 қаңтарда «Достық» газетінде жарияланған және 2021 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.