О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 июня 2021 года № 286 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации и ремонте резервуаров для нефти и нефтепродуктов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 июня 2021 года № 286 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации и ремонте резервуаров для нефти и нефтепродуктов»
- Атауы (қаз.)
- «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 533
- Қабылданған күні
- 03.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2023 186843_658826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033500
- ЭКБ идентификаторы
- 186843
- Редакция идентификаторы
- 186843_658826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:31
0 «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Резервуар негізінің қиябеті жанбайтын материалмен жабылады.»;
145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«145. Жерүсті резервуарлардың бір тобының аясында ішкі топырақ үйінділері немесе қоршау қабырғалары барларын бір-бірінен ажыратылады:
көлемі 20000м3 немесе одан көп немесе жалпы сыйымдылығы 20000м3 болатын бірнеше кішігірім резервуарлар;
басқа мұнай өнімдері бар резервуарларды май мен мазуты бар резервуарларды ажырату.
Ішкі топырақ үйіндісінің немесе қабырғаның биіктігі:
көлемі 10000м3 және одан да көп резервуарлар үшін -1,3 м;
басқа резервуарлар үшін - 0,8 м.»;
154-тармақ алып тасталсын;
277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«277. Күкіртті мұнай өнімдері бар резервуарларға және уытты қасиеттері бар өнімдерге (бензол, толуол, ксилол және өзге өнімдер) қызмет көрсететін барлық қызметкерлер осы мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатермен таныстырылады.»;
279-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«279. Қолмен сынама алу және деңгейін өлшеу, лай мен суды ағызу бойынша күкіртті мұнай өнімдерімен байланысты операцияларды жұмысшылар белгіленген маркасы, фильтрі бар газтұтқыш тағып және бақылаушының қатысуымен орындайды.»;
281 және 282-тармақтар алып тасталсын;
599-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«599. Металды бензо-, керосино- және оттегімен кесу кезінде:
1) ақаулы аппараттарды, құбыршектерді және жанарғыларды пайдалануға;
2) ластанған немесе су қоспасы бар жанармайды бензин кескіштер үшін қолдануға;
3) кескішке жанармай беру үшін оттегі құбыршектерін қолдануға;
4) кескіштің буландырғышын қызыл-қошқыл түске дейін қыздыруға және кескішті жұмыс кезінде тігінен, басын жоғары қаратып іліп қоюға;
5) жалынды бағыттап, жанарғыны жанғыш заттарға қоюға;
6) бөшкедегі қысым кезінде кескіштегі оттегінің жұмыс қысымынан асатын жанармаймен кесуге;
7) кескішке оттегі мен жанармай беретін құбыршектерді қысуға, бұрауға немесе июге;
8) жұмыс алаңында жанармай қорын сақтауға тыйым салынады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі