О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 15 марта 2021 года № 31-VII «Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного значения Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 15 марта 2021 года № 31-VII «Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность и поселки, а также в города районного значения Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII «Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43-VIII
- Қабылданған күні
- 03.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2023 184611_645564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23T0506906
- ЭКБ идентификаторы
- 184611
- Редакция идентификаторы
- 184611_645564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:32
0 Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII «Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 31-VII «Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4899 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімінің 1 және 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерінде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі айқындалсын.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Атырау облыстық мәслихатының
2023 жылғы 3 тамыздағы
№ 43-VIII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 31-VII шешімімен бекітілген
Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Атырау облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қаржыландыру және төлемдер тәртібін айқындайды.
2 2. Негізгі ұғымдар:
1 1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2 2) жұмыс беруші - медицина және фармацевтика қызметкермен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3
3) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар, медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органмен ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген жеке тұлғалар.
3 3. Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.
Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі кірмейді.
4 4. Ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:
- облыстық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге – 3 000 000 (үш миллион) теңге;
- ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге - 5 000 000 (бес миллион) теңге.
5 5. Әлеуметтік қолдау алуға жас маман немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар шақыртылған қызметкер құқылы.
6 6. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қызметкермен еңбек шартын жасасқаннан кейін оның арызы негізінде екінші деңгейдегі банктен ашылған оның дербес шотына аудару жолымен төленеді.
2 2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі
7 7. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
8
8. Уәкілетті орган өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерді ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мемлекеттік медициналық ұйымдар арасында ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда (қызметкердің алдын ала келісімін алу арқылы), қызметкердің әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
Мұндай жағдайда ауылдық жерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мемлекеттік медициналық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.
Ауылдық жерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалада 3 (үш) жылдан кем жұмыс жасаған қызметкерді облыстық маңызы бар қаладағы медициналық ұйымға ауыстырған жағдайда 2 000 000 (екі миллион) теңге айырмашылық облыстық бюджетке қайтарылады.
9
9. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.