Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 450 «Об утверждении Правил по обеспечению промышленной безопасности при строительстве подземных сооружений и метрополитенов»

Бұйрық · № 83 · қабылданған 20.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2021-no-450/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 450 «Об утверждении Правил по обеспечению промышленной безопасности при строительстве подземных сооружений и метрополитенов» Қолданыста Бұйрық ·№ 83 ·20.02.2023
20.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 450 «Об утверждении Правил по обеспечению промышленной безопасности при строительстве подземных сооружений и метрополитенов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 83 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 450 «Об утверждении Правил по обеспечению промышленной безопасности при строительстве подземных сооружений и метрополитенов»
Атауы (қаз.)
«Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
20.02.2023
Көрсетілген редакция
20.02.2023 178789_620072.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031950
ЭКБ идентификаторы
178789
Редакция идентификаторы
178789_620072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0 «Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 450 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:
14 және 320-тармақтар алып тасталсын;
321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«321. Лауазымды тұлғалардың аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) зерделеуі өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жүргізіледі.
АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы өндірістік объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен келісіледі және ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авариялар туралы дереу хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімін қамтиды.
АЖЖ-да мыналар көзделеді:
1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;
2) өндірістік объектіге аварияға түскен адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;
3) аварияларды жою және олардың өршуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар;
4) авариялар туындаған кездегі мамандар мен жұмысшылардың іс-әрекеттері;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің және өндірістік объект персоналының авариялар туындауының бастапқы сатысындағы іс-қимылдары.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

Қолданыстағы