О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 491 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с экспертной деятельностью, отнесенной к государственной монополии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 сентября 2021 года № 491 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с экспертной деятельностью, отнесенной к государственной монополии»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметімен технологиялық байланысты қызмет түрлері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 23.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2022 168130_576159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028218
- ЭКБ идентификаторы
- 168130
- Редакция идентификаторы
- 168130_576159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:48
0 «Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметімен технологиялық байланысты қызмет түрлері тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметімен технологиялық байланысты қызмет түрлері тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 491 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 20 қыркүйекте № 24433 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметімен технологиялық байланысты қызмет түрлері тізбесіне:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2022 жыл 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі