О внесении изменений в решение маслихата от 15 октября 2021 года № 63 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сарыкольском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 15 октября 2021 года № 63 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сарыкольском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2021 жылғы 15 қазандағы № 63 «Сарыкөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 07.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2023 182838_636240.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23NQ010022
- ЭКБ идентификаторы
- 182838
- Редакция идентификаторы
- 182838_636240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:29
0 Мәслихаттың 2021 жылғы 15 қазандағы № 63 «Сарыкөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Сарыкөл аудандық мәслихатының «Сарыкөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24960 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сарыкөл ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.».