О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карагандинской области от 15 марта 2022 года № 15/01 «Об утверждении объемов бюджетных субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2022 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карагандинской области от 15 марта 2022 года № 15/01 «Об утверждении объемов бюджетных субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 «2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54/02
- Қабылданған күні
- 23.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2022 171051_588984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22K0029328
- ЭКБ идентификаторы
- 171051
- Редакция идентификаторы
- 171051_588984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:30
0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 «2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 «2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27227 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулы 1-1 және 1-2- тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-2. Субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және өтінім беру мерзімдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, 2 және 3-қосымшаларымен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
0 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 54/02
қаулысына 1-қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 15/01 қаулысына
1-қосымша
2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
Субсидиялау көлемі
Субсидиялар сомасы, мың теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
Бас/шағылыстыру маусымы
120 600
1 206 000
1.2
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
20 150
302 250
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
Бас/шағылыстыру маусымы
2 200
220 000
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
Сатып алынған бас
3 334
500 100
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
Сатып алынған бас
-
-
4.1
Отандық
3 263
489 450
4.2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
650
146 250
4.3
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған
1 000
300 000
5.
Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу
2 583
387 450
6.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
Тірідей салмағы, килограмм
1 936 260
387 252
7.
Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату
Өндірілген сиыр етінің килограмы
-
-
Барлық сома
3 938 752
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу
-
-
1.1
Бір жынысты
Сатып алынған доза
-
-
1.2
Қос жынысты
-
-
2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
2.1
Отандық
Сатып алынған бас
197
39 400
2.2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
2 208
496 800
2.3
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған
935
374 000
3.
Сүт өндіру құнын арзандату:
3.13.2
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
Өткізілген немесе өңделген килограмм
-
-
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық
6 495 900
194 877
3.3
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
4 240 500
84 810
3.4
Ауыл шаруашылығы кооперативі
3 000 000
60 000
4.
Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату
Дана
-
-
5
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау
Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас
318
1 590
Барлық сома
1 251 477
Етті құс шаруашылығы
1.
Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
68 795
41 277
2.
Құс етін өндіру құнын арзандату
2.1
15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
-
-
2.2
10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
-
-
2.3
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
1 800 000
108 000
2.4
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
550 000
27 500
3.
Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату
-
-
4.
Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату
-
-
Барлық сома
176 777
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
1 428 750
85 725
2.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
Өткізілген дана
471 425 000
1 414 275
Барлық сома
1 500 000
Шошқа шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды шошқалар сатып алу
Сатып алынған бас
964
134 960
2.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
Бас/шағылыстыру маусымы
7 064
282 560
Барлық сома
417 520
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
Бас/шағылыстыру маусымы
62 500
250 000
1.2
Қойлардың тауарлық аналық басы
100 000
250 000
2.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
Сатып алынған бас
8 376
125 640
2.1
Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу
1 000
30 000
2.2
Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу
10
1 500
3.
Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу
Бас/шағылыстыру маусымы
-
-
4.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату
Өткізілген бас
5.
Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату
Дана
250
20 000
6.
Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау
Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру
маусымы
-
-
Барлық сома
677 140
Жылқы шаруашылығы
1.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
Сатып алынған бас
300
30 000
Барлық сома
30 000
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
1.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
50 000
500 000
Барлық сома
500 000
Барлығы
8 491 666
1 Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 54/02
қаулысына 2-қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 15/01 қаулысына
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар
құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем
бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1
Ауыл шаруашылығы жануарларының, ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
10 000
2 Субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және өтінім беру мерзімдері
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 54/02
қаулысына 3-қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 15/01 қаулысына
3-қосымша
Субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және өтінім беру мерзімдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшемшарттар
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі
Өтінімді беру мерзімі
1.
Ауылшаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор ақпаратында аналық мал басының деректерге сәйкес және тіркеуде болуы
селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорымен интеграцияланған өзара іс-қимыл
2022 жылдың тамыз- желтоқсан
айлары
1.1
Ірі қара малдың аналық басы
1.Өтінім берген сәтте 20 бастан кем емес және 150 бастан аспайтын меншікті аналық малдың болуы;
2. аналық мал басының жасы 18 айдан бастап, бірақ 120 айдан аспауы;
3. 1000 гектардан аспайтын егіс алқаптарында жем-шөп дақылдарын егудің болуы;