Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановления акимата города Актобе от 15 апреля 2022 года № 1599 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қаулы · № 4222 · қабылданған 05.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2022-no-1599/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановления акимата города Актобе от 15 апреля 2022 года № 1599 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста 05.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановления акимата города Актобе от 15 апреля 2022 года № 1599 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Қаулы № 4222 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановления акимата города Актобе от 15 апреля 2022 года № 1599 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4222
Қабылданған күні
05.08.2022
Көрсетілген редакция
05.08.2022 170579_586996.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22CA029079
ЭКБ идентификаторы
170579
Редакция идентификаторы
170579_586996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:44
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 5-2/291 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабының Садовая, Жемісті, Парасат, Бәйшешек көшелері және 19/2 учаскесінің аумағында ірі қара және ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1599 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27725 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.