О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 15 апреля 2022 года № 18/171 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бейнеуском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 15 апреля 2022 года № 18/171 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Бейнеуском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 18/171 «Бейнеу ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/10
- Қабылданған күні
- 25.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2023 180505_627389.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MC455112
- ЭКБ идентификаторы
- 180505
- Редакция идентификаторы
- 180505_627389
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:34
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі №18/171 «Бейнеу ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Бейнеу ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі №18/171 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27643 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Бейнеу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімге қосымшада:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бейнеу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
орыс тіліндегі 2 тармаққа өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе порталға шығындарды өтеу қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».