Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 15 сентября 2022 года № 20-2-VII «О переименовании и утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата Бородулихинского района области Абай»

Ереже · № 54-4-VIII · қабылданған 26.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2022-no-20-2-vii/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 15 сентября 2022 года № 20-2-VII «О переименовании и утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата Бородулихинского района области Абай» Қолданыста 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 15 сентября 2022 года № 20-2-VII «О переименовании и утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата Бородулихинского района области Абай»

Қолданыста Ереже № 54-4-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 15 сентября 2022 года № 20-2-VII «О переименовании и утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат маслихата Бородулихинского района области Абай»
Атауы (қаз.)
Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 20-2-VII «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені қайта атау және бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54-4-VIII
Қабылданған күні
26.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
26.08.2026
Көрсетілген редакция
26.08.2026 I229522_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26FG00544M
ЭКБ идентификаторы
229522
Редакция идентификаторы
I229522_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.09.2026 03:31
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бородулиха аудандық мәслихатының

2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 20-2-VII
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені
қайта атау және бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 20-2-VII «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені қайта атау және бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Бородулиха аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 54-4-VIII шешімімен
бекітілген
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесі (үйымдастыру-кадрлық және құқықтық бөлімі) бар.

2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бородулиха аудандық мәслихат төрағасының өкімімен, аудандық мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.

10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
аудандық мәслихаттың органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-аналитикалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдардан аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша ақпарат сұратуға;
азаматтардың депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау үшін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға жіберу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша мәліметтер, ақпараттар сұрату;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) міндеттері:

Бородулиха аудандық мәслихатының сессияларында, тұрақты (уақытша) комиссияларында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау;
мемлекеттік мекемелерден, үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды және жеке тұлғалардан қағаз және электронды түрде келіп түскен хат-хабарлардың уақтылы орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындау.

15. Функциялары:

жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдамалы және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін ресімдеу және ұсыну және олардың құқықтық мониторингін жүргізу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру;
мәслихат сессияларының отырыстарына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу және депутаттарға шешімдердің, комиссия қорытындыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын, шешімдер жинақтарын ресімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер, анықтамалар және басқа да құжаттар жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіру;
материалдарды ресімдеу, сақтау және уақтылы мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге да функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Аудандық мәслихат аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

16. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

17. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

18. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Мәслихат аппаратының басшысы:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

21. Мәслихат аппаратының мүлкі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.