О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 15 ноября 2022 года № 248 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Темирском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 15 ноября 2022 года № 248 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Темирском районе»
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 248 «Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 24.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2023 180714_627872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23CJ008332
- ЭКБ идентификаторы
- 180714
- Редакция идентификаторы
- 180714_627872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:38
0 Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 248 «Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Темір аудандық мәслихатының «Темір ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 15 қарашадағы № 248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30554 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб–порталы (бұдан әрі – портал) шығындарды өтеу Қағидаларының 3–қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2–қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.».