Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 106 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов нефтегазовой отрасли, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 346 · қабылданған 19.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2023-no-106-ekb-186358/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 106 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов нефтегазовой отрасли, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 346 ·19.09.2023
19.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 106 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов нефтегазовой отрасли, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 346 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 марта 2023 года № 106 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов нефтегазовой отрасли, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
346
Қабылданған күні
19.09.2023
Көрсетілген редакция
19.09.2023 186358_654608.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033447
ЭКБ идентификаторы
186358
Редакция идентификаторы
186358_654608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:45

0

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал мұнай-газ саласы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
84-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«84. Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.»;
№5 қосымшада:
реттік нөмірі 84-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
84
Объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес электрондық нұсқаны бір мезгілде әзірлей отырып, екі данада жасалады.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қорғау қызметі

Қолданыстағы