Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68«Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган»

Ереже · № 22-133 · қабылданған 30.05.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2023-no-11-68-ekb-197486/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68«Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган» Күшін жойған 18.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68«Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган»

Күшін жойған Ереже № 22-133 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 ноября 2023 года № 11-68«Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Талдыкорган»
Атауы (қаз.)
Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудыңқағидаларын бекіту туралы» №11-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-133
Қабылданған күні
30.05.2024
Көрсетілген редакция
18.06.2026 197486_827822.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24IA022019
ЭКБ идентификаторы
197486
Редакция идентификаторы
197486_827822
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудыңқағидаларын бекіту туралы»

№11-68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №11-68 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

1

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»
7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде «5 (бес)» саны «7 (жеті)» санына өзгертілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.