О внесении изменений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 февраля 2023 года № 45 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов водного хозяйства, уязвимых в террористическом отношении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 февраля 2023 года № 45 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов водного хозяйства, уязвимых в террористическом отношении»
- Атауы (қаз.)
- «Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141-НҚ
- Қабылданған күні
- 06.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2024 200501_719214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035043
- ЭКБ идентификаторы
- 200501
- Редакция идентификаторы
- 200501_719214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:45
0 «Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:
4-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын сараланған талаптарды белгілеу мақсатында терроризм актісі жасалуының ықтимал салдарларына қарай және оның инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығы негізінде су шаруашылығы объектілерін топтарға бөлу жүргізіледі:
1-топ – қирауы жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін объектілер;
2-топ – қирауы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін объектілер.
Төтенше жағдай «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес жергілікті, жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай ретінде жіктеледі.
Объектілердің топқа тиесілігі жұмыс істеп тұрған (пайдаланылатын) объектілерге қатысты, объектілерді пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ бұрын жатқызылған топтың өзгеруіне әсер етуі мүмкін объектілердің сипаттамалары өзгерген жағдайда қаралады.
Объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарлары қайтыс болуы немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін адамдардың саны және ықтимал материалдық нұқсан туралы болжамды көрсеткіштер негізінде айқындалады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті