О внесении изменений и дополнения в решение маслихата области Абай от 15 ноября 2023 года № 9/65-VIIІ «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов области Абай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата области Абай от 15 ноября 2023 года № 9/65-VIIІ «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов области Абай»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/174-VIII
- Қабылданған күні
- 10.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2025 209061_752233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25F025174M
- ЭКБ идентификаторы
- 209061
- Редакция идентификаторы
- 209061_752233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:07
0 Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Абай облысы мәслихатының көрсетілген шешімімен бекітілген қосымшасында:
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
келесі мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
59 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».