О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 488
- Қабылданған күні
- 02.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2025 213983_773519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CM036801
- ЭКБ идентификаторы
- 213983
- Редакция идентификаторы
- 213983_773519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:30
0 Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен айқындалған, Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».