Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Өзге акт · № 692 · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2024-no-221-ekb-230011/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе» Күшіне енбеген 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»

Күшіне енбеген Өзге акт № 692 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 марта 2024 года № 221 «Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
692
Қабылданған күні
11.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I230011_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26CM039871
ЭКБ идентификаторы
230011
Редакция идентификаторы
I230011_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

Шалқар аудандық мәслихатының
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 692 шешіміне қосымша
Шалқар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 221 шешіміне қосымша
Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шалқар ауданында тұратын жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.

5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына қағидаларға сәйкес тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналары бойынша ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шоттар негізінде көрсетіледі.

8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.