Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 317 «О некоторых вопросах Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Бұйрық · № 351 · қабылданған 02.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2024-no-317-ekb-229887/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 317 «О некоторых вопросах Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Қолданыста 02.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 317 «О некоторых вопросах Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық № 351 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 317 «О некоторых вопросах Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
351
Қабылданған күні
02.09.2026
Көрсетілген редакция
02.09.2026 I229887_0.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26G0000351
ЭКБ идентификаторы
229887
Редакция идентификаторы
I229887_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
12.09.2026 03:31
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 317 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің басшысы орынбасарларын, мемлекеттік қызметшілерін, аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады, Комитеттің басшысы орынбасарларын, мемлекеттік қызметшілерін, аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, оларға демалыс беру, іссапарға жіберу, сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына үстемеақылар тағайындау, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ, көтермелеу және тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;».

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.