О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 546 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 августа 2024 года № 546 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 07.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2025 207910_749454.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035801
- ЭКБ идентификаторы
- 207910
- Редакция идентификаторы
- 207910_749454
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:41
0 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34933 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 7 наурыздағы
№ 110
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 546 бұйрығымен
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі
1.
Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар
Конкурс
2.
Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен жүзеге асырылатын объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар
Конкурс
3.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
4.
Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
5.
Құрылыс-жөндеу жұмыстары бойынша техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс
6.
Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметтер
Конкурс