О внесении дополнения в приказ Министерства здравоохранения от 15 февраля 2024 года № 85 «Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения для детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, от рождения до трех лет, детей с нарушениями психического и физического развития от рождения до четырех лет»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министерства здравоохранения от 15 февраля 2024 года № 85 «Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения для детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, от рождения до трех лет, детей с нарушениями психического и физического развития от рождения до четырех лет»
- Атауы (қаз.)
- «Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 469
- Қабылданған күні
- 22.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2024 199023_713119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24RR000469
- ЭКБ идентификаторы
- 199023
- Редакция идентификаторы
- 199023_713119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:26
0
«Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) балалар саны (қоса алғанда) 10-нан аспайтын Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 124-1) және 124-2) тармақшаларына сәйкес өмірдегі қиын жағдайдағы отбасылардың туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі (тобы).».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;