Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 мая от 2026 года № 237 «О некоторых вопросах регулирования ввоза из третьих стран отдельных видов строительных материалов на территорию Республики Казахстан»

Бұйрық · № 386 · қабылданған 03.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2026-no-237/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 мая от 2026 года № 237 «О некоторых вопросах регулирования ввоза из третьих стран отдельных видов строительных материалов на территорию Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 386 ·03.08.2026
03.08.2026 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 мая от 2026 года № 237 «О некоторых вопросах регулирования ввоза из третьих стран отдельных видов строительных материалов на территорию Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 386 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 мая от 2026 года № 237 «О некоторых вопросах регулирования ввоза из третьих стран отдельных видов строительных материалов на территорию Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
386
Қабылданған күні
03.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
06.08.2026
Көрсетілген редакция
03.08.2026 I228472_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039486
ЭКБ идентификаторы
228472
Редакция идентификаторы
I228472_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 «Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38737 болып тіркелген) 1-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«1-1. 2026 жылғы 1 қазанына дейін 1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылсын:
«тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 6801000000 -табиғи тастан (тақтатастан басқа) жасалған төсемтас, жиектас тастар және төсеуге арналған плиталар; 6802931000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, жылтыратылған, әшекейленген немесе оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, таза салмағы 10 кг немесе одан астам гранит; 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа), және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған кубиктер немесе ұқсас бұйымдар; табиғи тастан ( сланецті қоса алғанда) жасалған, жасанды түрде боялған түйіршіктер, ұнтақ және қиыршықтар, өзге гранит.»

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2 2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

3 3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы