О внесении изменения в решение 15 сессии Темиртауского городского маслихата от 26 апреля 2013 года № 15/5 «Об установлении размера ставок фиксированного налога с единицы объекта налогообложения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 15 сессии Темиртауского городского маслихата от 26 апреля 2013 года № 15/5 «Об установлении размера ставок фиксированного налога с единицы объекта налогообложения»
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 «Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/5
- Қабылданған күні
- 09.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2018 91077_369543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KC003278
- ЭКБ идентификаторы
- 91077
- Редакция идентификаторы
- 91077_369543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:42
0 Теміртау қалалық мәслихатының 2013
жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5
«Салық салу объектісінің бірлігінен
тіркелген салық ставкаларының
мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Теміртау қаласы әкімінің бір салық салынатын нысанға тіркелген салық мөлшерлемесін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 «Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2339 нөмірімен тіркелген, «Новый Теміртау» газетінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 22 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
____________А.Д.Нұрпейісов
«9» маусым 2015 жыл
3 Теміртау қалалық мәслихатының
2015 жылғы «9» маусымдағы
39 сессиясының № 39/5
шешіміне қосымша
Теміртау қалалық мәслихатының
2013 жылғы «26» сәуірдегі
15 сессиясының № 15/5
шешіміне қосымша
Теміртау қаласында орналасқан салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Айына 1 объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасы
(айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
25
5
Карт
7
6
Бильярд үстелі
7