"Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы" 15.02.2006 жылғы № 38 санды қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының “Нормативтік Құқықытық Актілер туралы” Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескелді ауданы Әкімдігінің "Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы" 15.02.2006 жылғы № 38 санды қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 28.08.2006 г. № 211 (Ескелді ауданы Әкімдігінің "Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы" 15.02.2006 жылғы № 38 санды қаулысына толықтырулар енгізу туралы)
1. Ескелді аудан әкімдігінің “Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін және ақы төлеуді ұйымдастыру туралы” 15.02.2006 жылғы 38 қаулысына беріліп отырған қосымшадағы Ескелді ауданы бойынша 2006 жылға жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдық жұмысын ұйымдастырушылар мен түрлерінің тізіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1) Бірінші кестеде көрсетілген, Қарабұлақ кент округі бойынша ақылы жұмыстардың түрлеріне – Әділет басқармасына сайлаушылар тізімін толықтыруға көмектесу және Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Ескелді аудандық филиалында оралмандарға, жалғыз басты зейнеткерлерге, мүмккіншілігі шектеулі қарттарға және мүгедектерге зейнетақылық құжаттарды ресімдеуге көмектесу деген қоғамдық жұмыс түрлерімен толықтырылсын /қосымша/.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Тілеуберген) осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.