Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 1996 года N 1022

Қаулы · № 749 · қабылданған 20.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-1996-n-1022/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 1996 года N 1022 Күшін жойған Қаулы ·№ 749 ·20.07.2005
31.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 1996 года N 1022

Күшін жойған Қаулы ·№ 749 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 1996 года N 1022
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1022 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
749
Қабылданған күні
20.07.2005
Көрсетілген редакция
31.12.2010 AI24790_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000749_
ЭКБ идентификаторы
24790
Редакция идентификаторы
AI24790_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:30

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1022 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1

1. "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1022 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбында "тәртiбi туралы Ереженi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспесiнде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын " деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "тәртiбi туралы Ережесi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын, "(қоса берiлiп отыр)" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы Ережеде:
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "бекiтiлген" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
тақырыбында:
"тәртiбi туралы Ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Пайдалы қазбалар" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттiк тілдегi мәтінде 1-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану министрлiгінiң органдары үшiн", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына" деген сөздер тиiсiнше "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органы", "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк орган үшiн", "геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
үшiншi абзацтағы "мемлекеттiк баланстарының есебiнен алынған" деген сөздер "мемлекеттiк баланс есебiнен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тілдегi мәтiнде алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жерасты суларының барлық түрлерiнің, сондай-ақ көпдебиттi бұлақтар түрiндегi көрiнiстерi, емдiк балшықтар кен орны";
6-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақтағы "бiрлесiп" деген сөз "келiсiм бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Паспортқа геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк орган қол қояды. Төрт данада дайындалған паспорттың: екi данасы - геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органға, үшiншiсi - жер қойнауын пайдаланушыға, төртiншiсi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.";
20-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

Қолданыстағы