О мерах по выполнению Постановления Правительства Республики Казахстан от 16 мая 1997 года № 840 «О дополнительных мерах по обеспечению сборов средств в Пенсионный фонд Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по выполнению Постановления Правительства Республики Казахстан от 16 мая 1997 года № 840 «О дополнительных мерах по обеспечению сборов средств в Пенсионный фонд Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы мамырдың 16-дағы «Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына қаражаттың жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 840 Қаулысының орындалуы жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122
- Қабылданған күні
- 15.06.1997
- Көрсетілген редакция
- 15.06.1997 1253_248545.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97P000010_
- ЭКБ идентификаторы
- 1253
- Редакция идентификаторы
- 1253_248545
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:04
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы мамырдың 16-дағы «Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына қаражаттың жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 840 Қаулысының орындалуы жөніндегі шаралар туралы
Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы мамырдың 16-дағы «Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына қаражаттың жиналуын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 840 Қаулысына сәйкес және Зейнетақы қоры істері жөніндегі бөлімдердің функцияларын салық қызметі орындарына беруге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Халықты әлеуметтік қорғау орындары қызметкерлері санының лимиттері қосымшаға сәйкес азайтылсын.
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
- Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарының барлық төлеушілерден толық және уақытша түсүін қамтамасыз ететін нақты шаралар қолдансын;
- 1997 жылдың екінші тоқсаны ішінде зейнеткерлердің мекен-жайына және аумақтық бірлігіне қарамастан зейнетақы төлеу мерзімдерін дәлдестіретін болсын.
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі бас басқарма және оның аумақтық бөлімшелері:
- қажетті ақпарат базасын, төлеушілерден қаражаттың Зейнетақы қорына түсуін есепке алу жөніндегі материалдар мен құжаттарды 1997 жылдың 1-сәуіріндегі жай-күйінде салық қызметі органдарына беретін болсын;
- осы шешімінің орындалуы жөнінде басқа да нақты шараларды қолдансын.
4. Халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің арасында жүргізіліп жатқан қысқартуға байланысты еңбек заңы талаптарының сақталуы қамтамасыз етілсін.
5. Әкімінің 1997 жылғы ақпанның 10-дағы «Облыстық қалалар мен аудандардың өкілетті және атқарушы органдарының типтік құрылымы, олардың жеке бөлімшелерінің тізбесі, қызметкерлердің жалпы санының лимиттері, қызметтік жеңіл автомобильдер саны, еңбекақы төлеу қоры мен 1997 жылға арналған қызметтік іссапарлар шығындары туралы» № 28 шешіміне мынадай өзгерту енгізілсін:
аталған шешімінің 4-қосымшасындағы 8-жолында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі бас басқармасының тұсындағы «93» саны «90» санына өзгертілсін.
6. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.М. Ткаченкоға жүктелсін.
7 Қалалық, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімдерінің Зейнетақы қоры қызметкерлерінің қысқартылатың штаттық саңы:
Облыс әкімінің 1997 жылдың
«16» маусымындағы № 122
шешіміне қосымша
Қалалық, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімдерінің Зейнетақы қоры қызметкерлерінің қысқартылатың штаттық саңы:
1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөнінде бас басқарма - 3
2. Ильич ауданы - 8
3. Индустриалды ауданы - 7
4.Екібастұз қаласы 4
5. Ақсу қаласы - 2
6. Ақсу ауданы - 4
7. Ақтоғай ауданы - 2
8. Баянауыл ауданы - 3
9. Железинка ауданы - 2
10. Ертіс ауданы - 3
11. Качиры ауданы - 2
12. Лебяжі ауданы - 1
13. Май ауданы - 2
14. Успенка ауданы - 2
15. Шарбақты ауданы - 2
16. Екібастұз ауданы - 2
17. Павлодар ауданы - 2
Облыс бойынша барлығы: 51