Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года N 247

Қаулы · № 696 · қабылданған 09.05.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-1999-n-247-ekb-5925/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года N 247 Қолданыста 09.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года N 247

Қолданыста Қаулы № 696 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года N 247
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
696
Қабылданған күні
09.05.2000
Көрсетілген редакция
09.05.2000 AI5925_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000696_
ЭКБ идентификаторы
5925
Редакция идентификаторы
AI5925_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша кұрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының" және "мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын жұмыс топтарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы" және "мен жұмыс топтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Жедел жұмыс топтары
25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарлары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.
Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған.
25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан
аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады.
Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келiсiмi жағдайында мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi.
25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасарларының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады.
Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кенсесiнiң Басшысы бекiтедi.
25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында
көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар
пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы
есеп-хат ұсынады.
Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасары және/немесе Премьер-Министр
Кенсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келiсiм бiлдiрген
жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.