О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 613
- Қабылданған күні
- 07.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2015 92786_50922.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000613
- ЭКБ идентификаторы
- 92786
- Редакция идентификаторы
- 92786_50922
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:46
0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы ңұсқаулықта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар мен жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады және таратылады.
6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады.
Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) тармақшаcында көзделген жағдайда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi актісінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді.
11. Комиссияны не жұмыс тобын құру заңда көзделген жағдайларда не Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылса, осы Нұсқаулықтың 7 және
8-тармақтарында көзделген комиссия құру туралы Премьер-Министр өкімінің жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесімен алдын ала келісу талап етілмейді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері мен функциялары Премьер-Министрдің тиісті өкімінде белгіленеді.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттiк орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға оны құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімінде көрсетіледi.»;
21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Комиссияның/жұмыс тобының қызметiн тоқтату үшiн осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетiлген жағдайлар туындаған немесе комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функцияларына өзгерiстер енгiзу қажет болған кезде комиссияның жұмыс органы болып табылатын не лауазымды адамы жұмыс тобының жетекшiсi болып табылатын мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне уақтылы енгiзедi.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Комиссияның/жұмыс тобының қызметін тоқтатуға әкеп соғатын жағдай туындаған кезде Премьер-Министрдің Кеңсесіне оған сәйкес комиссия/жұмыс тобы құрылған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы шешiмнiң жобасымен бiр мезгiлде оның атқарған жұмысы туралы есеп-хат жіберіледі.».