Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп»

Қаулы · № 54 · қабылданған 04.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-1999-no-247-ekb-98685/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп» Қолданыста Қаулы ·№ 54 ·04.02.2016
04.02.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп»

Қолданыста Қаулы ·№ 54 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 «Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық- кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
54
Қабылданған күні
04.02.2016
Көрсетілген редакция
04.02.2016 98685_51141.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000054
ЭКБ идентификаторы
98685
Редакция идентификаторы
98685_51141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:38

0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық- кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады.
Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады, бұл туралы Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.
Бұл ретте, Комиссия туралы ережеде міндеттері, комиссия отырыстарының кезеңділігі, сондай-ақ жұмыс органы көзделеді.
Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) тармақшаcында көзделген жағдайда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастама жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкімінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді.»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері
13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері Премьер-Министрдің өкімінде белгіленеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияны құруға бастама жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.
Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:
1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;
2) комиссия отырыстарына мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың өкілдерін және тұлғаларды (келісім бойынша) шақырады;
3) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдарың өкілдерінен және тұлғалардан (келісім бойынша) қажетті ақпарат сұратады;
4) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың мамандарын және тұлғаларды (келісім бойынша) тартады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақытын және орнын комиссия төрағасы айқындайды.
Комиссия отырыстары, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оларды, жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы