О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 февраля 2001 года № 141 "Об утверждении Инструкции "О порядке выдачи разрешения на использование объектов и помещений в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 февраля 2001 года № 141 "Об утверждении Инструкции "О порядке выдачи разрешения на использование объектов и помещений в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров"
- Атауы (қаз.)
- "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 373
- Қабылданған күні
- 25.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2015 AI29111_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004324_
- ЭКБ идентификаторы
- 29111
- Редакция идентификаторы
- AI29111_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:04
0 "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
" Жеке кәсіпкерлік туралы " және " Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1426 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 18) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы" нұсқаулықта:
100-тармақтағы "қалалар мен облыстардың ІІББ, ІІБ" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары, облыстардың ішкі істер департаменттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Ішкі істер органдары "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-1 бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде бірінші, екінші, үшінші және төртінші топтардағы объектілер мен үй-жайларды, олардың техникалық нығайтылуы мен күзет, өрт және дабыл құралдарымен жарақтандырылу талаптарына, сондай-ақ есірткі құралдарымен, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың тізімге сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.";
103-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Акт алдын ала Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі, ҚСжАЕК бөлімшелері жоқ қалалар мен аудандардың аумақтарында тіркеуді осы қалалар мен аудандардың прокурорлары жүргізеді.".
2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары сынақтар қабылдай отырып, осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі А.Ж. Шпекбаевқа, Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ. Тоқсейітов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2006 жылғы 26 шілде