О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан", зарегистрированный за № 1585
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан", зарегистрированный за № 1585
- Атауы (қаз.)
- N 1585 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 01.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2010 AI20230_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002900_
- ЭКБ идентификаторы
- 20230
- Редакция идентификаторы
- AI20230_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:02
0 N 1585 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1245 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 707 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында бұйырамын:
1
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1585 болып тіркелген, 2001 жылғы қыркүйекте N 31 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
1 1) 1-тармақтағы "жалпы орта білім" деген сөздер "жалпы орта немесе кәсіптік бастауыш білім" деген сөздермен ауыстырылсын";
2 2) 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау азаматтардың өтініші бойынша қабылдау емтихандары немесе ұлттық бірыңғай тестілеу баллдарының нәтижелері бойынша, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және бекітілген қабылдау жоспарын ескере отырып конкурстық негізде жүзеге асырылады";
3 3) 4-тармақта:
екінші абзацта "N 0205002 "Құқықтану" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацта "жалпы тарих" деген сөздер "дүниежүзі тарихы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 4) 5-тармақтағы "25" деген сандар "30" деген сандармен, "30 пайыздан аз" деген сөздер "30 баллдан кем" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 5) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Колледждердің қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісілген мерзімдерде медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсетулері бойынша талапкерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Кешенді тестілеу, колледждердің курсанттар қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша ғана өзгертілуі мүмкін.";
6 6) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің колледждеріне қабылдау кешенді тестілеу немесе мемлекеттік сертификат баллдарына сәйкес, медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсетулері бойынша іріктеу нәтижелерін және Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер бас басқармаларына, Ішкі істер басқармаларына, Көліктегі ішкі істер басқармаларына бөлінген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша мандаттық комиссияның ашық отырысында жүргізіледі.";
7 7) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орта кәсіптік оқу орындарының қабылдау комиссияларына кешенді тестілеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттар негізінде қабылдауды жүзеге асыру құқығы беріледі.".
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2 маусым 2004 ж.