Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Бұйрық · № 308 · қабылданған 25.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2001-no-473/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 308 ·25.05.2005
05.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 308 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 июня 2001 года № 473 "Об утверждении Правил приема в средние профессиональные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
25.05.2005
Көрсетілген редакция
05.08.2010 AI24441_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003682_
ЭКБ идентификаторы
24441
Редакция идентификаторы
AI24441_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:42

0 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3627 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кәсіптік орта оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы N 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1585 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы қыркүйектегі N 31 жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 309 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
мынадай мазмұндағы 2-2 тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Ішкі істер министрлігінің колледждеріне қабылдау кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлерге барып қабылдау комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін (өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқитын ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, сондай-ақ бұрынғы жылдарғы) қабылдау емтихандары жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша өткізіледі.";
4-тармақта:
екінші абзацта "N" белгісі алынып тасталсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
5-тармақтың екінші абзацында "астрономиялық 1,5" деген сөздер "2 сағат 15 минут" деген сөздермен ауыстырылсын.
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Азаматтарды Ішкі істер министрлігі колледжінің курсанттары қатарына қабылдау комиссияның ашық отырысында конкурс бойынша медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Астана және Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер департаменттеріне бөлген қабылдау орындарын ескере отырып жүргізіледі.
Конкурс:
ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандары бойынша берілген сертификаттардың баллдары негізінде;
оқу орны жүргізген тестілеу нысанындағы қабылдау емтихандарының қорытындылары бойынша алынған баллдары негізінде жүргізіледі.
Қабылдауға конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пән баллдарының сомасы ескеріледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқығы бар.
Апелляция қабылдау комиссиясына түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және оны өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссия қарайды және шешім қабылдайды.".

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәрбие және кадр жұмысы департаменті (Б.Н.Өмірзақов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәрбие және кадр жұмысы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2005 жылғы 27 мамыр

Қолданыстағы