Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года № 41 "Об утверждении Правил назначения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии"

Қаулы · № 8 · қабылданған 09.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2004-no-41-ekb-26563/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года № 41 "Об утверждении Правил назначения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии" Күшін жойған Қаулы ·№ 8 ·09.01.2006
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года № 41 "Об утверждении Правил назначения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии"

Күшін жойған Қаулы ·№ 8 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года № 41 "Об утверждении Правил назначения ликвидационной комиссии принудительно ликвидируемых банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда и требования, предъявляемые к председателю и членам ликвидационной комиссии"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылы 16 ақпандағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
09.01.2006
Көрсетілген редакция
25.02.2013 AI26563_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004043_
ЭКБ идентификаторы
26563
Редакция идентификаторы
AI26563_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:02

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылы 16 ақпандағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін заңнамалық актілерге сәйкес келтіру мақсатында Агенттік Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылы 16 ақпандағы N 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2771 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесінде және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:
атауында және кіріспесінде "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "тағайындалады" деген сөз "тағайындалуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату
13-1. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:
1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы;
2) қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы.
13-2. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексеру актілері мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.
13-3. Біліктілік комиссиясы қорытындыны қарап, әңгімелесу үшін тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін шақырады.
Біліктілік комиссиясының отырысы хаттамамен ресімделеді.
13-4. Уәкілетті орган біліктілік комиссиясы әзірлеген қорытынды мен хаттаманың негізінде тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешім қабылдайды.
13-5. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оған қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.";
14-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қола алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы