О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 января 2004 года № 45 "Об утверждении Правил ведения лесоустройства на территории государственного лесного фонда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 января 2004 года № 45 "Об утверждении Правил ведения лесоустройства на территории государственного лесного фонда"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1536
- Қабылданған күні
- 04.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI68937_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001536
- ЭКБ идентификаторы
- 68937
- Редакция идентификаторы
- AI68937_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:41
0 "Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман ресурстарын есепке алумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілеттi орган) белгілеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.».