О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан от 16 января 2006 года N 24 "Об утверждении Правил заполнения и учета таможенного приходного ордера"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в приказ Председателя Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан от 16 января 2006 года N 24 "Об утверждении Правил заполнения и учета таможенного приходного ордера"
- Атауы (қаз.)
- "Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 04.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI39365_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005200_
- ЭКБ идентификаторы
- 39365
- Редакция идентификаторы
- AI39365_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:42
0 "Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 270 және 379-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. " Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 25 қаңтарда N 4033 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 наурызда N 47-48 (854) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесінде:
14-тармағында:
жетпіс бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Тауар коды төмендегі шарттар орындалған кезде:
егер жиынтық кеден төлемін төлеу ерекшелік ставкасы бойынша жүргізілсе;
егер Қазақстан Республикасында сәйкестігін міндетті растауға жататындарды және 0402, 0405, 0406, 0901, 0902, 0903, 0905, 0906, 0907, 0908, 0909, 0910, 1001, 1002, 1003, 1004, 1005, 1006, 1007, 1008, 1102, 1103, 1104, 1105, 1107, 1108, 1211, 1501, 1502, 1507, 1508, 1509, 1510, 1511, 1512, 1513, 1514, 1515, 1516, 1517, 1601, 1602, 1603, 1604, 1701, 1702, 1704, 1805, 1806, 1904, 1905, 2001, 2002, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2101, 2102, 2103, 2104, 2105, 2501, 2517, 2523, 2524, 3205, 3208, 3209, 3210, 3211, 3303, 3305, 3306, 3503, 3506, 3605, 4014, 4410, 4814, 5007, 5111, 5112, 5113, 5208, 5209, 5210, 5211, 5212, 5309, 5407, 5408, 5512, 5513, 5514, 5515, 5516, 5802, 5904, 5905, 6103, 6104, 6105, 6106, 6107, 6108, 6109, 6110, 6112, 6113, 6115, 6203, 6204, 6205, 6206, 6207, 6208, 6209, 6210, 6211, 6212, 6302, 6401, 6402, 6403, 6404, 6405, 6806, 6807, 6810 тауар позицияларында СЭҚ ТН-ге сәйкес жіктелетіндерді қоспағанда тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаса, СЭҚ ТН тауар позициясының деңгейінде көрсетіледі.
Бұл ретте шығу елі белгісіз не бір елден шығарылатын, бір тауар позициясында жіктелген тауарлар бір тауар ретінде декларациялануы мүмкін.
Барлық қалған жағдайларда тауардың коды СЭҚ ТН тауарлық кіші қосалқы позицияның деңгейінде көрсетіледі.";
тоқсан екінші абзацтағы ", сондай-ақ кеденнің ұлттық валютадағы есеп шотының нөмірі, СТН және ол ашылған банктің атауы" деген сөздер алынып тасталсын.