О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2006 года № 773
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2006 года № 773
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1719
- Қабылданған күні
- 30.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2016 AI48450_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001719_
- ЭКБ идентификаторы
- 48450
- Редакция идентификаторы
- AI48450_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:07
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 326-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде:
11-тармақтың екінші абзацында "жағынан" деген сөзден кейін "кемінде 7,5 сантиметр" деген сөздермен толықтырылсын;
32-тармақтың бірінші абзацында ", сондай-ақ осы кесімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген барлық нормативтік құқықтық кесімдер (кесімнің нысаны, қабылданған күні, нөмірі, атауы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі, ресми жарияланған күні, баспаның атауы және нөмірі көрсетіліп)" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
"35-1. Нормативтік құқықтық кесімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылған не жаңа қосымшамен толықтырылған кезде, олар негізгі кесімге өзгеріс пен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық кесімге жеке қосымшалармен ресімделеді.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Нормативтік құқықтық кесімнің барлық парақтарына оны келісуге жіберген мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) қол қояды.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Келісуші мемлекеттік органның заң қызметінің басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) келісілген нормативтік құқықтық кесімнің әрбір парағына қол қояды.".