Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 апреля 2007 года № 158 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи инвалидам, в том числе детям-инвалидам, приобретающим техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование"

Қаулы · № 522 · қабылданған 01.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2007-no-158-ekb-62761/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 апреля 2007 года № 158 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи инвалидам, в том числе детям-инвалидам, приобретающим техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование" Күшін жойған Қаулы ·№ 522 ·01.12.2011
01.02.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 апреля 2007 года № 158 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи инвалидам, в том числе детям-инвалидам, приобретающим техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование"

Күшін жойған Қаулы ·№ 522 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 апреля 2007 года № 158 "Об оказании дополнительного вида социальной помощи инвалидам, в том числе детям-инвалидам, приобретающим техническое и профессиональное, послесреднее и высшее образование"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
522
Қабылданған күні
01.12.2011
Көрсетілген редакция
01.02.2017 62761_157439.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11N0003791
ЭКБ идентификаторы
62761
Редакция идентификаторы
62761_157439
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:00

0 Әкімдіктің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта:
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) егер:
әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргенге дейін мүгедек оқу үшін төлемді толық көлемде өзінің жеке қаражатынан жүргізген болса, әлеуметтік көмек білім беру ұйымында тиісті оқу жылына арналған оқудың нақты құнының мөлшерінде көрсетіледі;
әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш білдіргенге дейін мүгедек оқу үшін төлемді өзінің жеке қаражатынан ішінара жүргізген болса, әлеуметтік көмек білім беру ұйымында тиісті оқу жылына арналған оқудың нақты құнының мөлшерінде көрсетіледі, бірақ нысаналы бағыты бойынша әлеуметтік көмектің білім беру ұйымында оқудың толық құның төлеу үшін жетіспейтін бөлігі ғана пайдаланылады";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:
"7) әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартады, егер:
осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда әлеуметтік көмек нысаналы бағытта пайдаланылмаса;
әлеуметтік көмек тағайындау үшін талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Қосымша әлеуметтік көмекті алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
4) мүгедектік туралы анықтама;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
6) тұтынушының салық төлеуші куәлігі (бар болса жеке идентификациялық нөмірі);
7) мынадай мәліметтері бар, тиісті оқу орны берген құжат:
тұтынушының бірінші техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуы туралы;
мемлекеттік білім грантының жоқтығы туралы;
оқу түрі туралы;
курсын және мамандықтың атауын көрсете отырып, оқу орны туралы;
тиісті оқу жылына оқу төлемінің мөлшері туралы;
8) техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұтынушыға төлемдердің өзге түрлерінің жоқтығын растайтын, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында уәкілетті орган берген құжат;
9) тұтынушының банктік шотының болуын растайтын құжат;
10) тұтынушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде:
заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат қоса беріледі.
11) егер мүгедекпен, әлеуметтік көмек тағайындалуына өтініш жасағанға дейін, оқуға төлем ішінара немесе толық өзінің қаражатынан жасалса, тиісті оқу орнынан жүргізілген төлемді растайтын құжат ұсынылады.
Салыстыру үшін құжаттар көшірмелері мен түпнұсқаларда ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.";
3-тармақта:
2) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
"4) бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізілсін".

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы