Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 16 июля 2007 года № 435 «О Правилах оказания жилищной помощи»

Ереже · № 50 · қабылданған 17.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2007-no-435/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 16 июля 2007 года № 435 «О Правилах оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 50 ·17.04.2008
17.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 16 июля 2007 года № 435 «О Правилах оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 50 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 16 июля 2007 года № 435 «О Правилах оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 435 «Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50
Қабылданған күні
17.04.2008
Көрсетілген редакция
17.04.2008 39706_321454.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NN000079
ЭКБ идентификаторы
39706
Редакция идентификаторы
39706_321454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 Мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі

№ 435 «Тұрғын үйлік көмек көрсету
Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 7), 15) - тармақшалары, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үйлік қатынастары туралы» Заңының 97-бабының, Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 244 хаты негізінде мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 435 «Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2007 жылғы 6 тамыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-61, 2007 жылғы 10 тамыздағы № 32 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), бұрын енгізілген өзгерістер 2007 жылғы 28 тамыздағы № 10 «Қостанай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 435 «Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2007 жылғы 7 қыркүйектегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-62, 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 26 «Қостанай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 435 «Тұрғын үйлік көмек көрсету Ережелері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 8 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-67, 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 2 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тараудың 5-тармағындағы «тұрғын үйлерді жылытуға» деген сөзден кейін жаңа жолдан келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге жылына бір рет коммуналдық қызметтерге немесе отын сатып алуға 36,0 мың теңге көлемінде шығындарын өтеу мөлшері белгіленсін», әрі қарай мәтін бойынша;
1-тараудың 6-тармағындағы «отбасына қосу тоғыз шаршы метр» сөз тіркесі «отбасына он сегіз шаршы метр» сөз тіркесіне ауыстырылсын;
1-тарау 10-1-тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Есеп жүргізу құралын орнату туралы «Затобол жылу энергетикалық компаниясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынымен берілген анықтама негізінде коммуналдық қызмет көрсетуде есеп жүргізу құралы болмаса, тұрғын үйлік көмекті алуға үміттенуші мен алатын тұрмыстары төмен азаматтар үшін есеп жүргізу құралы бағасының өтемі жасалсын»;
2-тараудың 11-тармағы 9) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер келесі құжаттарды ұсынулары қажет:
белгіленген үлгі бойынша өтініш;
өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат»;
3-тарау 27-1) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«70 жас және жоғары жастағы жалғыз тұратын азаматтар үшін Қазақстан Республикасының заңдары және басқа нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген тәртіпте тағайындалған зейнетақының және оған әлеуметтік төлемнің барлық түрі кірісте есептелмесін».

2 2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ З. Кенжеғарина
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________________ М. Жүсіпов

Қолданыстағы