О внесении изменения в решение городского маслихата от 16 июля 2007 года № 45/437 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение городского маслихата от 16 июля 2007 года № 45/437 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15/132
- Қабылданған күні
- 15.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2020 73118_492843.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KD002345
- ЭКБ идентификаторы
- 73118
- Редакция идентификаторы
- 73118_492843
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:05
0 Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі № 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі № 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 9 маусымдағы № 30/239 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-189 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдедегі № 85-86 "Балқаш өңірі", 2010 жылғы 16 шілдедегі № 80-81 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 1) 1 тармағының 1) тармақшасындағы "Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық университетінің, Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің, Ағыбай батыр көшесіндегі N 18 орта мектептің," деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
2013 жыл 15 мамыр
2013 жыл 15 мамыр
2013 жыл 15 мамыр