О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2008 года № 852
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2008 года № 852
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1230
- Қабылданған күні
- 23.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI42942_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001230_
- ЭКБ идентификаторы
- 42942
- Редакция идентификаторы
- AI42942_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:18
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 852 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 38, 406-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгі жарғысында:
"Қоғамның органдары" деген 9-тарауда:
28-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның қарапайым және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;";
32-тармақ "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"уәкілетті органның (бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін";
33-тармақта:
9) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"9) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеу мөлшері мен талаптарын айқындау;";
14) тармақшада ", сондай-ақ олардың қызметі мәселелері жөнінде шешім қабылдау";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
37-тармақтың бірінші және екінші абзацтары алынып тасталсын;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің үлгі жарғысында:
"Серіктестіктің органдары" деген 6-тарауда:
6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.";
3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгі жарғысында:
"Серіктестіктің органдары" деген 6-тарауда:
6.6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Серіктестіктің тексеру комиссиясы немесе жеке дара тексерушісі жалпы жиналыста бес жылдан аспайтын мерзімге сайланады.";
4 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Сенім серіктестігінің үлгі жарғысында:
3-тараудың тақырыбындағы "Серіктестікке қатысушылардың" деген сөздер "Серіктестікке толық қатысушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.1 және 3.2-тармақтардағы "Серіктестікке қатысушылар" деген сөздер "Серіктестікке толық қатысушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 5) көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік кооперативтің үлгі жарғысында:
"Кооперативтің мүлкі" деген 4-тараудың 4.1-тармағы "жарғылық капиталы" деген сөздерден кейін "бар болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.