Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 16 января 2009 года № 14 "Об утверждении Технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" и от 16 января 2009 года № 16 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности пожарной техники для защиты объектов"

Қаулы · № 1249 · қабылданған 31.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-14-16-2009-no-16/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 16 января 2009 года № 14 "Об утверждении Технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" и от 16 января 2009 года № 16 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности пожарной техники для защиты объектов" Күшін жойған Қаулы ·№ 1249 ·31.10.2011
05.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 16 января 2009 года № 14 "Об утверждении Технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" и от 16 января 2009 года № 16 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности пожарной техники для защиты объектов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1249 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 16 января 2009 года № 14 "Об утверждении Технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" и от 16 января 2009 года № 16 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности пожарной техники для защиты объектов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 және "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1249
Қабылданған күні
31.10.2011
Көрсетілген редакция
05.12.2017 61097_261434.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001249
ЭКБ идентификаторы
61097
Редакция идентификаторы
61097_261434
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:20

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 және "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 «Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері

1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
5-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) адамдар көп келетін объект – бір мезгілде жүз және одан астам адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;»;
71-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
75-тармақ алынып тасталсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы бiр өрттi сөндiруге су құбыры желiсiнiң қосу және тарату желiлерiнен, сондай-ақ микро аудан немесе квартал iшiндегi су құбыры желiсiнен жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасы бойынша ең үлкен су шығынын талап ететiн ғимарат үшiн қабылдануға тиiс.»;
80 және 88-тармақтар алынып тасталсын;
92-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
132 және 133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«132. Қалалық мекендер құрылысы шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi өртке қарсы аралық 100 м кем болмауға тиiс.
133. Қалалық мекендерде үй маңындағы учаскесi бар бiр-екi қабатты жеке құрылысы бар аудандар үшiн үй маңындағы учаске шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi аралық 50 м кем болмауы керек.»;
151-тармақ алынып тасталсын;
380-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (мекемелердің қоймаларының, кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін қоспағанда);»;
көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері
Өрт­ке қар­сы ке­дер­гі­лер­де­гі
ой­ық­тар эле­мент­те­рі­нің ата­уы
Өрт­ке қар­сы
ке­дер­гі­лер­де­гі
ой­ық­тар­ды
тол­ты­ру ти­пі
От­қа тө­зім­ді­лік
шек­те­рі
Есік­тер (25 % ар­тық шы­ны са­лын­ған есік­тер­ден және тү­тін-газ өт­кіз­бей­тін есік­тер­ден бас­қа) қақ­па­лар, люк­тер, пер­де­лер мен экран­дар
1
ЕІ 60
2
ЕІ 30
3
ЕI 15
Лиф­ті шах­та­ла­ры­ның есік­те­рі
2
ЕІ 30 (би­ік­ті­гі лифт шах­та­ла­ры есік­те­рі­нің от­қа тө­зім­ді­лік ше­гі Е 30 қа­был­да­на­ды)
Те­ре­зе
1
Е 60
2
Е 30
3
Е 15
Пер­де­лер
1
ЕІ 60
От бө­ге­гіш кла­пан­дар
1
ЕІ 90
2
ЕІ 30
3
ЕІ 15
»;
көрсетілген Техникалық регламентке 13-қосымшада:
3-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұйылтылған табиғи газ сұйыққоймаларынан қоймаға жатпайтын объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар»;

2 2) «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 8-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Желіде қысым арттыратын сорғылармен жабдықталған жоғары немесе төмен қысымды өртке қарсы су құбыры бар объектілерде, суқұбырымен қамтамасыз етілмеген ғимарат, үймерет және құрылымдарда өрт бағанасымен және жалпы ұзындығы 100 м-ден кем емес, өрт бағанасына қосылған арынды өрт түтік құбырларымен жабдықталған посттар құрылуы керек.
Посттар орнына посттар сияқты жабдықталған тіркемелерді орнату рұқсат етіледі.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы