Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Қаулы · № 412 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-14-ekb-125214/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения» Қолданыста Қаулы ·№ 412 ·14.09.2018
14.09.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Қолданыста Қаулы ·№ 412 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
412
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
14.09.2018 125214_360900.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0008061
ЭКБ идентификаторы
125214
Редакция идентификаторы
125214_360900
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0 Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы»;
мемлекеттік тілде 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.»;
мемлекеттік тілде көрсетілген қаулымен бекітілген, қосымша тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде:
«
р/с

Балық шаруашылығы су тоғанының атауы
Аумағы, гектар
Орналасу ауданы
»
деген жолы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
р/с

Балық шаруашылығы су айдынының атауы
Аумағы, гектар
Орналасу ауданы
»;
мемлекеттік тілде реттік нөмірі 467-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
467.
Златоуст ауылдық округінің аумағындағы тоғандар жүйесі
12
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 962, 963, 964, 965, 966, 967, 968-жолдарымен толықтырылсын:
«
962.
Октябрь шатқалы
50
Қостанай
963.
Безымянный тоғаны
0,3
Қостанай қаласы
964.
Рыспай батпағы
10
Алтынсарин
965.
Қарасор көлі
5000
Таран
966.
Аласор көлі
1700
967.
Тұзкөл көлі
131
Мендіқара
968.
Қарасор шатқалы
530
».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы