Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Қаулы · № 87 · қабылданған 26.02.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-14-ekb-129293/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения» Күшін жойған 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Күшін жойған Қаулы № 87 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
87
Қабылданған күні
26.02.2019
Көрсетілген редакция
01.09.2026 129293_840101.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008273
ЭКБ идентификаторы
129293
Редакция идентификаторы
129293_840101
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:58
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.09.2026 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (2009 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 969, 970, 971-жолдармен толықтырылсын:
«
969.
Мамедовский тоғаны
120
Науырзым
970.
Кіші Танат көлі
67,75
Таран
971.
Шұңқыркөл көлі
18
Әулиекөл
».

2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.