Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Қаулы · № 414 · қабылданған 18.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2009-no-14-ekb-201844/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения» Қолданыста Қаулы ·№ 414 ·18.10.2024
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»

Қолданыста Қаулы ·№ 414 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 16 января 2009 года № 14 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
414
Қабылданған күні
18.10.2024
Көрсетілген редакция
18.10.2024 201844_724341.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24N1028910
ЭКБ идентификаторы
201844
Редакция идентификаторы
201844_724341
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:08

0 Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі»;
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 17-1, 113-1, 113-2, 225-1, 225-2, 353-1, 384-1, 384-2 жолдарымен толықтырылсын:
«
17-1
Қостомар шатқалы
98
Алтынсарин
»;
«
113-1
Жарсор көлі
80
Бейімбет Майлин
113-2
Қайыңдыкөл көлі
126
»;
«
225-1
Алтын Дала ауылының жанындағы жарылғыш шұңқыры
4,2
Қостанай
225-2
Шанке көлі
33
»;
«
353-1
Қамыстыкөл көлі
130
Ұзынкөл
»;
«
384-1
Гуртовое көлі
7
Федоров
384-2
Тоқтас көлінің шығанағы
105
».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы