О внесении изменения в решение от 16 октября 2009 года № 15/209-IV "О размере социальной помощи некоторым категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение от 16 октября 2009 года № 15/209-IV "О размере социальной помощи некоторым категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/93-V
- Қабылданған күні
- 14.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2018 68739_364871.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12V0002730
- ЭКБ идентификаторы
- 68739
- Редакция идентификаторы
- 68739_364871
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:53
0 "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері
туралы" 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-1 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2515, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 201-202 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың мынадай санаттарына коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды 7200 (жеті мың екі жүз) теңге көлемінде өтеу белгіленсін:
денсаулық сақтау мемлекеттік секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне;
ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына.».