О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 15/209-IV "О размере социальной помощи некоторым категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 15/209-IV "О размере социальной помощи некоторым категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/226-V
- Қабылданған күні
- 11.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2018 79640_364873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003291
- ЭКБ идентификаторы
- 79640
- Редакция идентификаторы
- 79640_364873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:07
0 "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері
туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы
№ 15/209-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2515, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 201-202 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды 10600 (он мың алты жүз) теңге көлемінде өтеу белгіленсін.».