О внесении изменений в решение ХІХ сессии Каражалского городского Маслихата от 16 июля 2009 года № 173 "О Правилах содержания и защиты зеленых насаждений города Каражал"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение ХІХ сессии Каражалского городского Маслихата от 16 июля 2009 года № 173 "О Правилах содержания и защиты зеленых насаждений города Каражал"
- Атауы (қаз.)
- Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" № 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 23.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2012 AI53608_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KE000097
- ЭКБ идентификаторы
- 53608
- Редакция идентификаторы
- AI53608_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:56
0 Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" N 173 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі ХІХ сессиясының "Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы" N 173 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-5-77 болып тіркелген, 2009 жылдың 29 тамызында N 35 (446) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ережеде:
1-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта "жол бермеуге міндетті" деген сөздер "жол бермеуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта "қамтамасыз етуге міндетті" деген сөздер "қамтамасыз етуі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақта "міндетті" деген сөз "қажетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтін бойынша абзацтардың алдында "-" белгісі алынып тасталсын.