О внесении дополнений в постановление от 16 февраля 2009 года № 376 "Об утверждении инструкции по назначению и осуществлению социальной выплаты отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление от 16 февраля 2009 года № 376 "Об утверждении инструкции по назначению и осуществлению социальной выплаты отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 569
- Қабылданған күні
- 10.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2011 AI47913_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VS000103
- ЭКБ идентификаторы
- 47913
- Редакция идентификаторы
- AI47913_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:33
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2009 жылғы 05 маусымдағы 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 376 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 маусымда 15-19-100 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 03 шілдедегі № 27 санында жарияланған) № 494 қаулымен енгізілген өзгерістермен 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда 5-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланған) № 376 қаулыға келесі толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыдағы қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
1 1) «Әлеуметтік төлемдер алу құқығы» 2-тарау келесі мазмұндағы «Тұрмысы төмен отбасынан шыққан, «Алтын белгі» белгісімен марапатталған мектеп түлектері ай сайынғы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар» 8-1 тармағымен толықтырылсын;
2 2) «Мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау» 4-тараудан кейін келесі мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:
«4-1 Ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау
14-1 Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарының өтем ақысы үшін берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды;