О внесении изменения и дополнений в постановление от 16 февраля 2009 года № 376 "Об утверждении инструкции по назначению и осуществлению социальной выплаты отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление от 16 февраля 2009 года № 376 "Об утверждении инструкции по назначению и осуществлению социальной выплаты отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 09.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2011 AI54025_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VS000127
- ЭКБ идентификаторы
- 54025
- Редакция идентификаторы
- AI54025_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:49
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда 5-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланды) № 376 қаулыға келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыдағы қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
1 1) 7-тармақтың 2-тармақшасындағы «туберкулезбен ауырғандар» сөзі алынсын;
2 2) «Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы» 2-бөлімі келесі мазмұндағы 8-2 тармағымен толықтырылсын:
8-2 «8-2. Шемонаиха ауданының аумағында тұратын, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың айсайынғы әлеуметтік көмекті алуға (қосымша тамақтану мен жол ақымен қамтамасыз етілуге) құқығы бар.»,
3 3) «4-2. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға айсайынғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау» 4-2-бөлімімен келесі мазмұнда толықтырылсын:
14-3 «14-3. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтанумен қамтамасыз етуге және тұрғылықты жерінен туберкулезге қарсы кабинетке дейінгі екі жаққа жол жүру ақысына арналған әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
14-4 14-4. Әлеуметтік көмекті тағайындауды Шемонаиха қаласындағы туберкулезге қарсы кабинеттің берген тізімдеріне сәйкес, «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» медициналық бірлестік жүзеге асырады.
14-5 14-5. Осы нұсқаулықтың 8-2 тармағында көрсетілген тұлғалар өкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1 1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3 3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4 4) диспансерлік есепте тұрғандығы туралы туберкулезге қарсы кабинеттен анықтама;
5 5) «Қазпошта» акционерлік қоғамдық бөлімшесінен жеке шот.
14-6
14-6. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-анасының біреуі, не заңды өкілі (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) 14-5 тармақта көрсетілген құжаттарды, сонымен қоса баланың жеке басын куәландыратын құжаттар мен қамқоршы, жанашыр, патронатты тәрбиеші мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады.